Анна Кэмп (ағыл. Anna Camp, 27 қыркүйек 1982 жыл) — америкалық актриса.
Жас кезі left|thumb|226x226px|Анна Кэмп Анна Кэмп Колумбия, Оңтүстік Коралинада туылып, сол жерде өсті. 2004 жылы ол бакалавр дәрежесімен Солтүстік Коралина университетін бітірді. Содан соң ол актриса мансабын бастау үшін Нью-Йоркқа көшеді.
Мансабы thumb|252x252px|Анна Кэмп 2008 жылы Анна Кэмп Дэниел Рэдклиффпен бірге Бродвейде қойылған «Эквус» пьесасында қойылым қойды. Сол жылы ол көп кешікпей жабылған ABC «Reinventing the Wheelers» сериалының сынамалы эпизодында түсті. Сондай-ақ 2008 жылы ол «Кашемир мафиясы» сериалында ойнады.
Кэмп «Нағыз қан» сериалының екінші маусымында мезгілді рөлді сомдаған. «Естері дұрыс еместер» және «Үлгілі әйел» сериалдарында түсті. Ол 2011 жылы «Үй қызметкері» фильмінде кішігірім рөлді алды, ал содан кейін ол «Мінсіз дауыс» фильмінде басты рөлді Бриттани Сноу, Ребел Уилсон және Анна Кендрикпен бірге алды. Бұл фильм 2012 жылы жарыққа шықты. Сондай-ақ 2012 жылы ол «Минди жобасы» комедиялық сериалында Минди Каллингпен бірге ойнайтын болды.
Жеке өмірі 2010 жылдан бастап Кэмп актер Майкл Мослимен некеде. Бірақ күйеуі 2013 жылы 28 сәуірде ажырасуға бел буды. 2016–2019 жылдары Кэмп «Идеальный голос» фильміндегі әріптесі Скайлар Эстинмен некеде болды.
Фильмография
Фильмдер ЖылАтауы (қазақша)Атауы (ағылшынша)Рөлі2007Махаббат келдіAnd Then Came LoveКикки2008Сүйкімді құсPretty BirdБекка Френч2008Тек сенJust Make BelieveКристина20098 жеңіл қадам8 Easy StepsЛора2010БотлворлдBottleworldКрисси2010Қызды ұмытып жатқандаForgetting the GirlАдрианна2011КөмекThe HelpДжолен2012Мінсіз дауысPitch PerfectЭбби2015Мінсіз дауыс 2Pitch Perfect 2Эбби
Телевизия ЖылАтауы (қазақша)Атауы (ағылшынша) Рөлі2001РоссвеллRoswellStripper2007Ойлап табуReinventing the WheelersMeg Wheeler2008Кашемир мафиясыCashmere MafiaBrooke Adaire2009Офис The OfficePenny Beesly2009Хор GleeCandace Dystra2009-2013Нағыз қанTrue BloodSarah Newlin2010С6ндарNumb3rsSiouxsie Dark2010Құпия операцияларCovert AffairsAshley Briggs2010Естері дұрыс еместерMad MenBethany Van Nuys2011Махаббат ауыртадыLove BitesPrudence2011Өтірік үйHouse of LiesRachel2011-2012Үлгілі әйелThe Good WifeCaitlin d’Arcy2012Минди жобасыThe Mindy ProjectGwen Grandy2013 2013Астыңғы қабат Сендердің аналарынды қалай кездестірдімGround floor How I Meet Your MotherHeather Doyle Kassie