Коррида — ең әйгілі бұқалармен ұйымдастырылатын күрес, Испаниядағы ұлттық көрініс. Оңтүстік Американың кейбір елдерінде де ұйымдастырылады. thumb|Барселонадағы соңғы коррида 2011 жыл Сorrida - correr деген сөзден қалыптасқан, «жүгіру» деген мағынаны білдіретін етістік. Сондықтан corrida de toros деген сөз тіркестің мағынасы «бұқалардың жүгіруі» деп аударылады. Испандықтар корриданы toros деп те атайды, бұл «бұқалар» деген мағынаны білдіреді.

Бұқалар Корридада бұқалардың белгілі бір түрі ғана қатыса алады. Көбінесе бұқалар фермаларда өсіріледі. Корридаға тек 4 жастан асқан және салмағы 450 килограммға жеткен бұқалар ғана қатыса алады. Корридаға қатысқан бұқалардың тірі қалу мүмкіндігі аз, ал егер бұқа тірі қалатын болса, оны келесі жолы осы жарысқа қатыстыруға тыйым салынады. Коррида үш бөлікке бөлінеді, оның екеуі сынаққа арналған. Әр секцияның басталу кезінде дабыл соғылады.

Қаза тапқандар Испания, Франция және Португалия елдерінде әр жыл сайын шамамен 6 мыңдай коррида ойындары өткізіледі, осы ойындарда 30 мыңға жуық бұқалар қаза табады. 19-20 ғасырларда Испанияда 63 матадор, 350 бандерильеро, пикадор және көмекшілер қаза тапты. Лан- Вентас аренасында қайтыс болған матадорларға арналған ескерткіш қойылған. Коррида кезінде адамдар көптеген жарақаттар алады.

Марапаттар Егер күрес кезінде бұқа өз ерлігімен ерекшеленетін болса, қайтыс болған соң оның денесін көрермендерге көрсетіп, қошеметтейді. Бірақ, егерде бұқа матадорды өлтіретін болса, бұл бұқа міндетті түрде өлім жазасына кесіледі.

Ерекше өнер көрсеткен матадор трофеймен марапатталады. Егер көрермендер ақ шүберек көтеретін болса, матадор бір құлақпен марапатталады, ал егер президентке көрініс ұнаса, ол екі құлақпен және құйрықпен марапатталады. Трофейлер өлген жануардан алынады.

Корридаға қарсылық Көптеген адамдар корридаға қарсылықтарын білдіріп, осыған қарсы акциялар ұйымдастырады. Испанияда коррида Канар аралында енді өткізілмейді. Барселонада 2010 жылдың 28 маусымында Каталонии парламенті корридаға қарсы дауыс берді.

2009 жылдың 18 желтоқсанында Каталонии парламентінде корриданы тыйым салуға шешім қабылданды. Парламентке 127 мың корридаға қарсы адамдардың қолтаңбасы берілді. Олар Испандық жануарлар қорғау қауымдастығынан және әлемдік жануарлар қорғау қауымдастығынан жиналды. 2011 жылы 25 қыркүйекте Каталониида ең соңғы коррида өткізілді.