Кира Касс (ағылш. Kiera Cass; 1981 жыл 19 мамыр, Оңтүстік Каролина штаты) – америкалық жазушы, «Іріктеу» романдар трилогиясымен танымал. Аталмыш романдар “New – York Times” баспасымен басылатын бестселлерлер тізіміне кірген.
Өмірбаяны Кира Касс Жағалық Каролина Университетінен ауысып, Рэдфордс Университетің бітірді. 2009 жылы ол «Сирена» романың жазды. «Іріктеу» трилогиясының бірінші романы, 2012 жылы HarperTeen баспасымен басылды. Осы роман сыншылармен жөнді, көңілді қарсы алынған еді. 2013 жылы трилогияның жалғасы «Элита» романы шықса, 2014 жылы аталмыш кітаптар тобының соңғы бөлімі «Дара» басылды. Ол өзі туралы: "Менің әкем Пуэрто-Риколық, ал анам - ақ. Менде испандық немесе оңтүстік америкалық акцент жоқ. Неліктен екенін өзім де түсінбеймін. Мен әрқашан өзгелерден ерекшеленетін, сәл оғаштау адам болдым. Сән әлемін ешқашан түсінген емеспін (иә, содан бері бұл жағынан ештеңе өзгерген жоқ). Бір нәрсе көпшілік арасында танымал болмайынша, оны сәнді деп те санамайтынмын. Дегенмен, бұған аса мән бермедім, өйткені жанымда жақсы достарым болды және әдемі киімдер сатылатын дүкендерге баратынмын. Мектепті аяқтауға жақын қалған кезімде мен тәжірибелі бишіге айналдым, театрдың нағыз жанкүйері болдым және ел көлемінде өткен байқаудың финалында үздік үштікке енген хордың мүшесі атандым. Орта мектепті бітіргеннен кейінгі басты арманым театрмен байланысты болды. Мен актерлік өнермен айналысуды армандадым. Бір семестр бойы осы бағытта білім алдым, жергілікті концерттерге жиі қатыстым және театр лагерінде оқыдым. Көктемде музыкалық театр мамандығы бойынша білім алу үшін Каролина жағалауындағы университетке түстім" - деген. 2013 жылдың мамыр айында Кира Касс жаңа кітап тобын жазып отырғанын жариялады. Осы кітаптар тобының жұмыстық аталуы «238» екендігі тез арада белгілі болды.
Кітапнама
«Іріктеу трилогиясы» 1.«Іріктеу» 2.«Элита» 3.«Дара» 4.«Мұрагер» (Қазақстанда 2016 жылдың сәуір айында шығарылады) 5.«Тәж» (Америка Құрама Штаттарында 2016 жылдың 3 мамыр күні шығарылады)
Трилогияның қосымша кітаптары Ханзада (2013) Гвардияшы (2014) Ханшайым (2015) Әлпешті (2015)
Жеке романдары Сирена(2009)
Дереккөздер
Санат:1981 жылы туғандар Санат:Жазушылар