Байзақ — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Ботамойнақ ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде, Талас өзені бойындағы боз жусан, еркекшөп өскен бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы – Жамбыл (17 км жерде).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен27843884 5850 150,6 1967 2962 150,6 1917 2888 150,7
Тарихы 1993 жылға дейін «Кеңес» деп аталып келген. 1956–1997 жылдары «Кеңес» қой кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде ауылда «Байзақ» ӨК, шаруа қожалықтары жұмыс істейді.ТАРАЗ энциклопедиясы, 3 том; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрағасының 04.05.1993 жылғы №2189-ХІІ қаулысымен "Байзақ" атауы берілді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшірлік-акушерлік пункт т.б. мекемелер бар.
Ауыл маңындағы жер атаулары Жеті төбе - Байзақ ауылы мен Ақбұлым ауылына дейінгі аралықта қатарынан орналасқан қарауыл төбелер. Бұл төбелердің саны жеті болғандықтан осылай аталған.
Байзақ сөресі - Байзақ батырдың саусағы жерленген жер. Қазіргі Байзақ ауылының солтүстігінен 4 км жердегі төбенің, темір жолдың үстіңгі жағында 500 м-дей жерде үстіртте жатыр.
Ауылдың батыс жағында, Талас өзенінің шығыс жағында екі қарауыл төбе бар. Біреуі ауылға жақын, екіншісі 4 км-дей жерде жатыр. Халық оны Рысымбет төбе деп атайды. Кірпіш зауыты мен Рысымбет төбенің аралығын Таластың күншығыс жағалауын "Жыланды" (ол маңда жылан өте көп болған) деп атаған.Жамбыл облысының топономикалық атаулары
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданы елді мекендері