Банг-Кауп Вилли (9.8. 1869, Германия, Везель қаласы — 8.10.1934, Драмштадт қаласы) — немістің көрнекті түркологы. Бельгиядағы Лувен унивеситетін бітірген. 1895 — 1914 жылдары Лувен университетінде ағылшын филологиясының профессоры. Түркологиядағы сабақ беруді 1917 жылы Франкфуртте бастады. 1918 жылдан өмірінің ақырына дейін Берлин унивеситетінде түркология профессоры болды. Банг-Кауптің ғылыми еңбектері (91 монография мен мақалалар жинағы және 29 рецензия) түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасына, руна және көне жазба ескерткіштеріне, түркі диалектологиясы мен лексикасына арналған. Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Түркітанушылар