«Оскар» сыйлығының 5-ші марапаттау рәсімі — Америкалық Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясының 1931 жылдың 1 тамызы мен 1932 жылдың 31 шілдесі аралығында шыққан үздік фильмдерді марапаттау кеші. Рәсім 1932 жылдың 18 қарашасында Лос-Анжелестегі «Амбассадор» қонақ үйінде өтті. Кешті Конрад Нагель жүргізді.
Рәсім ерекшеліктері «Оскар» тарихында алғаш рет «Үздік актер» номинациясында екі жеңімпаз анықталды. Фредрик Марч («Доктор Джекилл мен мистер Хайд») Уоллес Бириден («Чемпион») бір дауысқа озып кеткенімен, сол кездегі ереже бойынша (егер айырмашылық 3 дауыстан аз болса, екеуі де жеңімпаз деп танылатын) екі актерге де мүсінше табысталды. «Гранд Отель» туындысы басқа ешбір номинацияға (режиссура, сценарий немесе актерлік жұмыс) ұсынылмай, тек «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алған тарихтағы жалғыз фильм атанды. Осы жылдан бастап алғаш рет қысқаметражды мультфильмдерге арналған номинация енгізілді. Бұл санаттағы ең алғашқы «Оскарды» Уолт Дисней «Гүлдер мен ағаштар» туындысы үшін иеленді. Осы рәсімнен бастап техникалық жетістіктер үшін номинациялар тұрақты түрде беріле бастады.
Жеңімпаздар мен номинанттар Номинанттар 1932 жылғы 12 қазанда жарияланды. Жеңімпаздар бірінші болып жуан қаріппен көрсетілген.
«Гранд Отель» – Metro-Goldwyn-Mayer «Эрроусмит» («Arrowsmith») – Samuel Goldwyn Productions «Бадди» («Bad Girl») – Fox Film Corp. «Чемпион» («The Champ») – Metro-Goldwyn-Mayer «Бес жұлдызды финал» («Five Star Final») – First National «Бір сағат сенімен» («One Hour with You») – Paramount Publix «Шанхай экспресі» («Shanghai Express») – Paramount Publix «Мазасыз кезең» («The Smiling Lieutenant») – Paramount Publix Фрэнк Борзейги – «Бадди» («Bad Girl») Кинг Видор – «Чемпион» («The Champ») Йозеф фон Штернберг – «Шанхай экспресі» («Shanghai Express») Фредрик Марч – «Доктор Джекилл мен мистер Хайд» («Dr. Jekyll and Mr. Hyde») Уоллес Бири – «Чемпион» («The Champ») Альфред Лант – «Гвардияшы» («The Guardsman») Хелен Хейз – «Мадлен Клоденің күнәсі» («The Sin of Madelon Claudet») Мари Дресслер – «Эмма» («Emma») Линн Фонтэнн – «Гвардияшы» («The Guardsman») «Чемпион» («The Champ») – Фрэнсис Марион «Леди мен джентльмен» («Lady and Gent») – Гровер Джонс және Уильям Слэвенс Макнатт «Басты куәгер» («The Star Witness») – Люсьен Хаббард «Голливуд қанша тұрады?» («What Price Hollywood?») – Адела Роджерс Сент-Джонс және Джейн Мерфин «Бадди» («Bad Girl») – Эдвин Дж. Берк «Эрроусмит» («Arrowsmith») – Сидни Ховард «Доктор Джекилл мен мистер Хайд» («Dr. Jekyll and Mr. Hyde») – Перси Хит және Сэмюэл Хоффенштайн «Трансатлантикалық» («Transatlantic») – Гордон Уайлс «Бостандық бізге!» («À Nous la Liberté») – Лазарь Меерсон «Эрроусмит» («Arrowsmith») – Ричард Дэй «Шанхай экспресі» («Shanghai Express») – Ли Гармес «Эрроусмит» («Arrowsmith») – Рэй Юн «Доктор Джекилл мен мистер Хайд» («Dr. Jekyll and Mr. Hyde») – Карл Струсс Paramount Publix Studio Sound Department MGM Studio Sound Department RKO Radio Studio Sound Department Warner Bros. First National Studio Sound Department «Гүлдер мен ағаштар» («Flowers and Trees») – Уолт Дисней, Walt Disney Productions, United Artists «Ол мені тағы да ұстап алды!» («It's Got Me Again!») – Леон Шлезингер, Warner Bros. «Миккидің жетімдері» («Mickey's Orphans») – Уолт Дисней, Walt Disney Productions, Columbia Pictures «Музыкалық қорап» («The Music Box») – Хэл Роуч «Айғайық» («The Loud Mouth») – Мак Сеннет «Scratch-As-Catch-Can» – RKO Radio «Күресетін семсер-балық» («Wrestling Swordfish») – Мак Сеннет «Экран естеліктері» («Screen Souvenirs») – Paramount Publix «Биікке секіру» («Swing High») – Metro-Goldwyn-Mayer
Сілтемелер
Дереккөздер
Санат:Оскар сыйлығын тапсыру рәсімдері