Усасыр() - папортник тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Павлодар, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Талдықорған, Алматы облыстарына тараған. Қылқан жапырақты және аралас ормандарда, тауда, жартас арасында, тастақты жерлерде кездеседі. Спорасы тамызда және қыркүйекте пайда болады. Биіктігі 30-150 см. Көген тамыры жуан, құрамында антгельминтик ретінде пайдаланылатын алкалиод-фильмарин бар. Жапырағы ірі, сопақтау болып келген, қауырсын тәрізденіп екі рет тілімденген. Дәрілік, улы, әсемдік өсімдік.Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-

Дереккөздер

Санат:Қырыққұлақтәрізділер