Бізбелдік () — Қызылқұйрық тұқымдасына жататын Бұзаубас сораң текті біржылдық шөптесін, кейде бұташық өсімдік. Сор, сортаң жерлерде, теңіз, ащы көлдердің жағаларында өседі. Сабағы - 5-30 см, тамыр түбінен бастап бұтақтанып, жалаң буындарға бөлінген, көк-жасыл, көбінесе қызғылт түсті болады. Жапырақтары кішкене қынапша сияқты. Масақшалары қысқа тұрға бекінген, ұзындығы - 1-6 см, жуандығы - 2-2,5 мм. Гүлдері 3 топқа жиналған. Жемісі - домалақ, маусым-тамызда гүлдеп, жеміс салады. Дәрілік, тағамдық, малазықтық өсімдік.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер
Санат:Қызылқұйрық тұқымдасы