Моңғол суықторғайы () — шағын денелі (19 - 26 г) қунақтардың бірі. Қанатында ақ қызғылт "көзтартары" бар, көріксіз күңгірт, қоңырқай реңді аталықтың төсі, екі қапталы және құйрықүсті қызғылтым реңкті болып келеді. Аналығында қызғылт түс болмайды. Шөл қунақтан айырмашылығы - тұмсығы қашанда ақшыл болуы. Құрлық құсы, бұталарға қонақтамайды. Екпіндеп ұшады. Дауысы - сазды "пиу", әуені қатты емес, көңілге жағымды және әдетте шақыру үнін қосады.

Алдыңғы Азиядан Орталық Азияға дейінгі шөл тауларында мекендейді. Ол- Қазақстанда оңтүстік және шығыстың аласа шөлдік тауларда, Солтүстік Балқаш маңында, қазақ ұсақ- шоқыларының кейбір жерлерінде үйреншікті құс. Олар қыста оңтүстікке қарай ұшып кетеді, алайда кейбір бөліктері Қазақстанның оңтүстігінде қыста да кездеседі. Ұяларын тас қуыстарына орналастырады, жартастардың жарықтарына және саздан салынған молалар үстіндегі құрылыстық күмбездің қуыстарына жиі орын тебеді. Жұмыртқаларды басу және балапандарды қоректендірудің қыр-сыры айқындалмаған. Қазақстанда наурыздан қазанға дейін кездеседі.Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра

Дереккөздер

Санат:Торғайтәрізділер