ISO 4217 (ИСО 4217) — Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) валюта кодтарының таңбасын әліпбидің үш әрпімен және үш санмен бекітетін стандарт. Басты саласы - халықаралық операциялар байланысты құжаттар мен хабарламалар, сондай-ақ кез келген, валютаның атауын тиісті кодталған және қысқарған түрiнде білдіретін және анық түрде анықтайтын коммерциялық немесе банк қызметі, себебі валюталар үшін бірдей атау қолданылуы мүмкін (АҚШ доллары, Канада доллары, Аустралия доллары және т. б.).
Стандарттың ағымдағы редакциясының ресми атауы: ағылшын тілінде — ISO 4217:2008. Codes for the representation of currencies and funds; французша — ISO 4217:2008. Codes pour la représentation des monnaies et types de fonds; орысша — ISO 4217:2008. Коды для представления валют и фондов.
Халықаралық стандарттау ұйымы шамамен 18 500 стандарт әзірледі; ISO 4217 ISO-ның ең көп сұраныстағы стандарттардың ондығына енгізілген және ең ілгеріленген үштігіне .
Бастапқы стандарттар ағылшын және француз тілдерінде жарияланады . Уәкілетті ресми стандарттар, орыс және әлемнің басқа тілдеріне Халықаралық стандарттау ұйымымен аударма жасалмайды.
ISO 4217 Халықаралық стандарттау ұйымының мүше мемлекеттеріне ұсыныс болып табылады. Оның негізінде ұлттық стандарттар, мысалы, Қазақстандық валюталық жіктелу немесе украиналық валюталық жіктеуіш (). Кейбір жағдайларда ISO 4217 тікелей қолданылады — мысалы, Еуропалық Одақ шеңберінде .
ISO-ның ресми саясатына сәйкес, ISO 4217 кодтарын кез келген мақсатта пайдаланғаны үшін төлем алынбайды (мысалы, немесе банк секторындағы төлемдерді сәйкестендіру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуде).
Дереккөздер
Санат:ISO стандарттары Санат:Валюта сыныптамалары