Сейіткәрім Серкеұлы Момышев (1951 жыл, Жамбыл облысы) — қазақ мүсіншісі.

Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген (1976). Ол Тараз қаласындағы №8 Төле би атындағы мектептегі "Төле би мүсіні", №12 Керімбай атындағы мектептегі "Керімбай", Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарында қойылған Тұрар Рысқұлов мүсіндерінің авторы. 1998 ж. Шымкент қаласында өткен бірінші халықаралық симпозиумда дипломат атанды. 2003 ж. А.С.Пушкин ескерткішіне жарияланған облыстық байқауда бірінші орынды жеңіп алды.Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, Алматы, 2003

Дереккөздер

Санат:1951 жылы туғандар Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:Жамбыл облысында туғандар