thumb|right|250px|Жұлдызгүл өрнегі салынған кілем және оның жұлдызгүл өрнегінен фрагмент. ҚР ҰМ қорынан. Жұлдыз - өрнек геометриялық сынық сызықты тұспалдайды. Жұлдыз бейнесі копмозицияланған ою-өрнектердің ортасында кездеседі.
Өрнек түрлері "Жұлдызгүл" - бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды. Әдетте, мұндай өрнекті тоқыма бұйымдарында – кілемнің, қоржынның, басқұрдың ортасындағы негізгі өрнектің ішіне және жиегіндегі қорғанына түрлі-түсті етіп айналдыра жүргізу үшін салынады. Сонымен қатар, жұлдызгүл өрнегін зергерлік өнерде де кеңінен қолданады. "Күн" - ою-өрнегі күнді меңзейді. "Мүйіз" - мүйіз оюдың ең көне мәнері. "Қосмүйіз" - малдың екі мүйізін бейнелейді. Кейде "ырғақ", "ілмек" деп аталтын оюларды "қосмүйіз" дейді. "Арқармүйіз" - бұл элемент "қошқармүйізге" ұқсас, бірақ оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. "Сыңар мүйіз" - қошқармүйіздің бір жақ сыңарын бейнелейтін өрнек. "Қырықмүйіз" - біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған көп мүйізден тұрады. Негізінен мүйіз бейнеленген оюлардың барлығының символдық мәні бақыт-береке, байлық, мал-жанының көбеюі. "Төртқұлақ" - өсімдік тектес оюларға жатады. Бұл Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірі. Кесте өнерінде батырлар шапанының жауырынына, шалбардың тізе тұсына салынған. "Үшжапырақ" - өсімдік тектес оюларға жатады. Ертедегі сәулет өнері ескерткіштерінде кездеседі. Ісмерлер кесте тігуде қолданып жүр. "Түйемойын" - түйенің мойнына ұқсаған мүйіз оюына жатады. "Ботагөз" - әшекейлі композиция ортасына салынады. "Тіс" - малдардың, аңдардың тістеріне және шахмат тақтасына ұқсайтын ою-өрнек. "Таңдай" - мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан. "Құсқанаты" - қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты бейнелейді. "Шетою" - өрнектің бір элементі шексіз қайталана береді. Сырмақ, киім-кешектердің басқа да үй жиһаздарының жиектерін кестелеуде, сәулет өнерінде қолданылады. "Ирек", "ирексу" өрнектері бешпеттің, қамзолдың, шапан мен тақияның жиектеріне салынады. "Гүл", "жапырақ", "қоза" өрнектері - барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектер қолөнердің барлық саласын қамтиды."Су өрнегі".ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “Слон”, 2012. – (иллюстрацияланған) ISBN 978-601-7026-17-22-том: Е – И – 736 бет.ISBN 978-601-7026-20-2
Дереккөздер
Әдебиеттер Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. Алма-Ата: Казахстан, 1979; Есімболова М.Қ. Жетісу сөйленісінің лексикалық ерекшкліктері. Алматы: Эверо, 2004; Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007; Шевцова А.А. Казахский народный орнамент: истоки и традиция. Москва: 2007; ҚР МОМ – материалдарынан; ОМЭЭ – материалдарынан.
Санат:Қазақ өнері Санат:Қолөнер