Қазақстан тарихы ғылымы – дүние жүзі халықтары тарихының бір саласы. Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егемен мемлекетке айналды. Жаңа азаматтық қоғам дүниеге келді. Жаңа әлеуметтік саяси және экономикалық шындықтар Қазақ халқының сана сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-сезім, сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықалас та қауырт өсті. Болып жатқан өзгерістерге өткен кездерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешу жолын табуға талпыныс жасалуда. Қазақстан тарихының міндеті өзін түркі халқының қара шаңырағы – Қазақстанды өзінің отаны, елі, сол мемлекеттің патриоты боламын деген адамға осы жерде кімдердің мекен еткенін, олардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, солардың салт-дәстүрін, рухани және материалдық байлығын, біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, билеріміз тарихи тамырымыз жайылған кең байтақ өлкені бүгінгі ұрпаққа көзінің қарашығындай етіп сақтап жеткізгені, осы күнгі жастардың осы ата-баба ізін жалғастырып, оны қорғауға, дінін, тілін қорғауға тарихи әділдік беретін бір-бірден құрал.Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде https://studfile.net/preview/6421225/page:3/
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер - азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы - Совет Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру сезімі туып отыр.“Қазақстан тарихы” тарихы http://testent.ru/publ/studenty/kazakhstan_tarikhy/aza_stan_tarikhy_tarikhy_p_nine_kirispe/38-1-0-1222
Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері Қазақстан тарихы үлкен төрт кезеңге бөлінеді. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін); Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.); Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.); Қазіргі заманғы Қазақстан (XX ғ.).BARINBIL.KZ https://barinbil.kz/referattar/aza-stan-tarihy-p-nini-ma-yzdy-mindetteri/
Ежелгі Қазақстан тарихы Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды. Өз бастауларын алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі жартастар мен үңгірлерде салынған суреттерден, кейінгі құлиеленушілік қоғам тұсындағы тасқа жазылған сына жазулардан алады (Есік обасы).
Авестада, Ахемен әулеті тұсындағы парсы деректерінде («Бехистун жазуы», т.б.), Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың («Тарих»), т.б. ежелгі дәуір авторларының еңбектерінде қазақ жерін мекендеген сақтар, турлар, дайлар, исседондар, т.б. тайпалар жөнінде, олардың Ассириямен, Мидиямен, Иранмен байланыстары және Кир, І-Дарий, А.Македонский әскерлерімен соғыстары жайында аса құнды жазба деректер бар.
Б.з.б. 2 ғ-дағы Қытай деректері (елшілерден, саудагерлерден, миссионерлерден алынған) Қазақстан тарихын зерттеуде үлкен рөл атқарды. Әсіресе, Сыма Цянның (б.з.б. 145–86) «Тарихи жазбалар» еңбегі аса құнды. Онда ғұндардың, үйсіндер мен қаңлылардың тұрмыс-тіршілігі, саяси құрылымдары және Батысқа қоныс аударуы жөнінде көптеген мәліметтер берілген. Осы кезде басталған (б.з.б. 2 ғ.) Қытайдан Орталық Азия арқылы Жерорта теңізі елдеріне жеткізетін Ұлы Жібек жолының гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік құрған тұсқа (618–907) сай келеді. Бұл тұстағы Қытай тарихшылары жазған жылнамаларда түркі қағандықтары, олардың тұрмыс жағдайы, әскери күш-қуаты мен жүргізген соғыстары, түргештер, қарлұқтар, т.б. ұлыстар мен тайпалық одақтар туралы деректер көп. Қытай деректері көбіне сыңаржақты жазылғандығына қарамастан, Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуде аса құнды деп бағаланады.
6–8 ғасырларда тасқа басылған көне түркі жазба ескерткіштері түркі қағандықтары (Күлтегін жазуы, Білге қаған ескерткіші, т.б.), түргештер, қарлұқтар, оғыздар,қыпшақтар, ұйғырлар, қырғыздар, басмылдар, т.б. жөнінде нақты мәліметтер көп. Ежелгі түркі ескерткіштері, сондай-ақ сол кезеңдегі Қазақстанның тарихи географиясын анықтауда да шешуші рөл атқарады.
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Ислам дінінің таралуы мен Араб халифатының күшеюі нәтижесінде 9–14 ғ-ларда араб саяхатшылары мен ғалымдары Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген түркі ұлыстары жөнінде толып жатқан жазба деректерін қалдырды. Атап айтқанда, ат-Табари (9 ғ.) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Тамим ибн Бахр (9 ғ.) Ертіс аңғарындағы қимақтар, ибн Хордадбех (9 ғ.) Жібек жолы бойындағы қалалар мен қоныстар жөнінде құнды деректер береді. 10 ғасырда өмір сүрген әл-Якуди, ибн әл-Факих, әл-Истахри, ибн Хаукал, ибн Фадлан, т.б. еңбектерінде Қазақстанның тарихы мен географиясына қатысты мол деректер кездеседі.
13–14 ғасырларда араб ғалымдары Якут, ибн әл-Асир, ибн Баттута, ибн Халдун, т.б. қарахан әулеті, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар, хорезмдіктер, қарақытайлар, Дешті Қыпшақ, Шыңғыс ханның жорықтары, Алтын Орда, т.б. ұлыстар мен тайпалар, олардың саяси-экономикалық жағдайы жөнінде жазды. 13–14 ғасырлардағы А.Жуайни, Жамал Қарши, Рашид әд-Дин, т.б. авторлардың және Батыс Еуропалық саяхатшылар П.Карпини, В.Рубрук, М.Полоның шығармаларында 12–13 ғасырлардағы Қазақстанды мекендеген ұлыстардың этникалық құрамы мен саяси тарихы, Орда Ежен ұлысы тарихы, Жошы ұрпақтарының генеалогиясы, Шағатай ұлысында болған қырқысулар, Сыр бойы қалаларының қиратылуы жайында, т.б. деректер беріледі.
14–15 ғасырларда бір топ авторлардың (Шараф әд-Дин Йезди, Му’ин әд-Дин Натанзи, т.б.) шығармаларын Әмір Темір ұрпақтарының тапсырмасымен парсы тілінде жазды. Бұл еңбектерде Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттері және олардың Әмір Темір мемлекетімен қарым-қатынастары жөнінде жан-жақты мәлімет берілген. 16 ғ-да шығармаларын парсы тілінде жазған, түркі тектес тарихшылар М.Х.Дулат («Тарих-и Рашиди»), Бабыр («Бабырнаме»), т.б. өз еңбектерінде Әбілхайыр хандығы, Орыс хан ұрпақтары, Қазақ хандығының қалай құрылғандығы, алғашқы қазақ хандары (Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым, т.б.), олардың саяси-әскери қызметтері жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет береді.
15–16 ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Түркістанда шағатай (түркі) тілінде жазылған тарихи шығармалар жарық көре бастады («Шыңғыснама», «Шайбанинама», т.б.). Ораз Мұхаммед сұлтанмен бірге орыс әскерлерінің тұтқынында болып, кейін Борис Годунов патшаға қызмет еткен Қ.Жалайыри 15–16 ғ-лардағы Қазақ хандығы жөнінде аса құнды деректер қалдырды («Жамиғ ат-Тауарих»). 15–17 ғ-ларда қазақ халқы, билеушілері, батырлары мен билері жөніндегі деректер ауыз әдебиетінде де көптеп кездеседі.
Жаңа замандағы Қазақстан тарихы Қазақ хандығы Ресей бодандығына өте бастағаннан кейін, 18 ғасырда ағылшын кескіндемешісі Джон Кэстль, 18–19 ғасырларда Ресей тарихшылары (П.С.Паллас, А.И.Левшин, Н.Я.Бичурин, т.б.) өлке тарихын жан-жақты зерттей бастады. Қазақстанда тарих ғылымының жандануы 19 ғ-дың 2-жартысынан бастау алады. Ол еуропаша білім алған қазақтың тұңғыш тарихшы-ғалымы, шығыстанушысы, географы Ш.Ш.Уәлиханов есімімен тығыз байланысты. Ол қазақ, қырғыз, ұйғыр басқа да түркі тектес халықтардың тарихын зерттеді. Орыс тарихшылары мен шығыстанушылары Н.М.Карамзин, Е.М.Соловьев, В.В.Вельяминов-Зернов, әскери тарихшы М.И.Иванин, т.б. ресей елінің неліктен 250 жыл моңғол-татар езгісінде болғанын саяси-әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру мақсатымен Орталық Азия халықтарын жан-жақты зерттеуге кірісті.
19–20 ғасырларда Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, М.Шорманов, Құрбанғали Халид, Т.Сейдалин, А.Жантөрин, С.Нұрмұхамедов, М.Ж.Көпеев, т.б. қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге үлес қосты. Олардың жазғандары қазақ тарихнамасында өлкетану еңбектері ретінде бағаланады. Сондай-ақ осы кезеңде жарық көрген (1911 ж. Орынборда) Шәкерім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» қазақ халқының құрылу тарихын ғылыми негізде зерделеген еңбек болатын. 19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстан тарихымен орыс ғалымдары Л.Мейер, М.Красовский, М.И.Венюков, т.б., этнографиясымен Радлов, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, А.Е.Алекторов, т.б. шұғылданды. 19 ғ-дың соңында Верныйда (қазіргі Алматы), Семей мен Орынборда тарихи-табиғат мұражайлары ашылды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғасырдың басында академик В.В.Бартольд, П.И.Лерх, т.б. осы өлкеде археологиялық зерттеу жұмыстарын бастады.
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы 20 ғасырдың бас кезі қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің рухани өркендеген дәуірі болды. Баспасөз беттеріне қазақ зиялылары (М.Тынышбаев, С.Аспандияров, Ә.Н.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, т.б.) Отан тарихына байланысты жиі-жиі мақалалар жазды. 1925 ж. Тынышбаевтың «Қазақ (қырғыз-кайсак) халқының тарихы жөніндегі материалдар» деген еңбегі орыс тілінде жарық көріп, онда қазақтардың негізін құрайтын ру-тайпалар, олардың таңбалары мен ұрандары, қазақтардың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер, қазақ жүздерінің пайда болуы, этн. құрамы, қазақ хандығының құрылуы сияқты өзекті мәселелер ғылыми тұрғыдан талдауға алынған. Сондай-ақ Аспандияровтың 1935 ж. жарық көрген «Көне заманнан бергі Қазақстан тарихы» деп аталатын еңбегі де (орыс тілінде) 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихына арналды.
Аспандияров Ресейдің басқыншылық саясатын жүйелеп көрсете отырып, қазақ жерінің Ресейге өз еркімен қосылмағандығын дәлелдеді, бұл процестің прогрестік жол еместігін анықтап берді. Т.Шонановтың 1926 ж. Ташкентте жарық көрген «Қазақ жер мәселесінің тарихы» деген еңбегі қазақтардың бұрынғы жер иелену тарихын, жерге деген көзқарасын, патшалық отарлау саясатының салдарынан қазақтардың жерден тапшылық көргендігін мол фактілік материалдар негізінде көрсеткен зерттеу болды. 1921 ж. архив бас басқармасы құрылып, тарихи құжаттарды жинастыру, өңдеу және ғылымға пайдалану ісі басталды. Мәскеу, Ленинград, Омбы, Орынбор ғалымдары (Бартольд, А.Ю.Якубовский, А.К.Самойлович, М.Е.Массон, т.б.) Қазақстан тарихы мәселелерімен шұғылданды.
20 ғ-дың 20-жылдары республикада КСРО ҒА мен География қоғамның археологиялық-этнографиялық экспедициялары (Ә.А.Диваев, А.В.Затаевич, Ж.Т.Шанин, С.И.Руденко) жұмыс істеді. Қазақстан тарихы мен Қазақстан Компартиясының тарихы, ұлт-азаттық қозғалысының тарихы туралы еңбектер шығару жөнінде алғашқы шаралар жүзеге асырылды, тарихшы мамандарын даярлау басталды. 18–19 ғасырлардағы Қазақ тарихы, әсіресе, Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелері Ә.Бөкейхановтың «Қазақ (Қырғыз) өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени табыстары» деген еңбегінде жан-жақты қаралды. Досмұхамедов, Рысқұлов, Жандосов, П.Г.Галузо зерттеулерінде де Қазақстанның Ресей құрамына кіру мәселелері қарастырылды.
1934 ж. Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институты құрылды, оның тарих-археолеологиялық секторы 1917 ж. Қазан төңкерісінен бұрынғы және төңкеріс кезіндегі бірқатар жұмыстарды қорытындылады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында бір топ мәскеулік тарихшылар (А.М.Панкратова, С.В.Бахрушин, Н.М.Дружинин, М.П.Вяткин, т.б.) Қазақстанға көшіп келіп, қазақ ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеді. Нәтижесінде 1943 ж. орыс тілінде «Қазақ КСР-і тарихы» (ерте заманнан осы күнге дейін) жарық көрді. Бұл Қазақстан тарихы жөнінде жүйелі түрде жазылған тұңғыш еңбек болды.
1945 ж. ҚазМУ (қазіргі ҚазҰУ) мен педагогикалық жоғары оқу орындарында тарих факультеттері, Қазақстан ғылым академиясының тарих, археология және этнол. институты ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары тарихи, археологиялық, этнографиялық зерттеулердің көлемі едәуір кеңейді. Екі томдық «Қазақ КСР тарихы» шықты (2-бас., 1949). Қазақстан тарихын кезеңге бөлу мәселелері талданды. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған 1783–97 жылдардағы көтерілісін, Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836–37 жылдардағы көтерілісті және қазақ халқының патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басқа да мәселелерін зерттеуге елеулі үлес (Вяткин, В.Ф.Шахматов еңбектері) қосылды. Қазақтардың материалдық мәдениеті, тұрмысы, ою-өрнек өнері жөнінде этнографиялық материалдар (Н.Сәбитов, т.б.) жиналып, зерттелді.