Ақ алабота () — өте кең таралған Қызылқұйрық тұқымдасының біржылдық арамшөбіФлораСССР,Ильин М. М.,Chenopodium album — Марь белая,том 6,61—63бет .
Ақ алабота – кәдімгі арам шөп; жол жиегінде, егістіктерде кездеседі. Қазақстанның биік таулы жерлерінен басқа барлық аудандарда өседі, сондықтан космополит деп те атайды. Бұл бір жылдық шөптесін өсімдік. Ақ алабота тік сабақты, көлденең кесіндісінде бес қырлы, жапырақтары өте жиі тармақталған; сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі. Жапырақ беттерінде ақшыл дақтары болады. Бұлар бір үйлі, қосжынысты гүлді өсімдіктер. Кейбіреулері екі үйлі. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып, масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі бес тостағанша жапырақшадан тұрады, андроцейінде бес аталығы, гинецейінде екі аналығы болады. Тұқымы тығыз қабықты, бозғылт қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары – ерте, түсі қарасы – кеш піседі. Жемісі – тұқымша.
Гүл формуласы: Р(5)А(2)G(2)
Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Ұзын сағақты, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады.
Ақ алабота жаз бойы гүлдейді. Өте көп тұқым береді, кейде бір өсімдіктер егілген жерде ақ алаботаның тұқымдары егісті жинап алғанға дейін шашылып үлгереді. Сөйтіп егістікті арамшөп басып, топырақты құнарсыздығынан айырады және зиянды бунақденелілердің жасырынуына жағдай жасайды. Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Кейбір елдер оның жас жапырағын шпинат тәрізді көкөніске пайдаланады. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді.
Таксономиясы және биологиялық түр ішіндегі жіктелуі
Кейбір түршелері
— разновидность с Дальнего Востока, — североамериканская разновидность.
Синонимдары
, nom. inval.
, nom. inval.
, nom. inval. , nom. inval.
Дереккөздер
Санат:Алабұталар Санат:Еуразия флорасы