Сарыбие – Көктас алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерімен ағады.

Бастауы Ақжол қыратының оңтүстік беткейінен ағып шығатын бұлақтар суының қосылуынан түзіліп, Көктас өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 35 км.

Гидрологиясы Жағасы жайдақ, арнасы біршама ирелең. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жеке қарасуларға бөлініп қалады. Өзен алабы шөбі шүйгін жайылымдық болып табылады.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы