«Гаджини» (, ) — режиссер А.Р. Муругадосстың атыс-шабыс жанрндағы драмалық фильмі. Фильм Муругадосстың өзінің осы аттас фильмінің ремейкі болып табылады. Муругадосс режиссер Кристофер Ноланның «Есте сақта» атты голливудтық фильмін негізге алды. Фильмнің слоганы «Remember Dec.25». Премьерасы 2008 жылы 25 желтоқсанда болды.

Сюжеті Фильм Үндістанда болған оқиғаларды баяндайды. Санджай Сингханья қысқа мерзімді есте сақтау ауруына шалдығады. Ол өмірінде болып жатқан оқиғалардың тек соңғы 15 минутын ғана есте сақтай алады. Ол өзінің сүйіктісін өлтірген адамды табуға тырысса да, ауруының кесірінен ол мүмкін болмайды. Қылмыскердің кім екенін ұмытпау үшін Санджай денесіне әртүрлі адам есімдері мен суреттерді салады. Кейіннен оған Сунита есімді студент қыз көмектеседі. Гаджини есімді қылмыскер Санджайға көмек беретін құралдардың көзін құртқаннан соң, Санджайдың Гаджиниды мүлдем есіне түсіре алмайтындай қауіп төнеді. Осы кезде Сунита Санджайдың жазған күнделігін оған көрсетіп, барлығын есіне түсіреді. Көп ұзамай Санджай Гаджиниды тауып, оның көзін құртады. Гаджини фильмі, «7 Арна», 9 маусым 2008

Рөлдерде . Аамир Хан — Санджай Сингханья . Тинну Ананд — Сатфир Кохли . Асин Тоттумкал — Калпана . Джиа Хан — Сунита . Рияз Хан — инспектор Радав . Прадип Рават — судья Дарматра Түсірілім тобы .Режиссер: А. Р. Муругадосс .Продюсеры: Хэриш Эмин, Аллу Аравинд .Сценаришы: А. Р. Муругадосс .Оператор: Рави К. Чандран .Композитор: А. Р. Рахман .Ән мәтіні: Прасун Джоши () Саундтрегі

Дереккөздер

Сілтемелер

«Гаджини» фильмінің ресми сайты — Үндістан Санат:Үндістан фильмдері Санат:Үндістанның атыс-шабыс фильмдері