Бейбітбек Шындалыұлы Жайлыбаев (1971 жылы туған) - Сарысу ауданының әкімі (2015-2016), ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны 1994 жылы Алматы зооветеринарлық институтын “зооинженер” мамандығы бойынша, 2009 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық институтын “экономист” мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Рысқұлов ауданында “Ақбұлақ” АҚ-ында зоотехник-селекционер болып бастады. 1999 жылдан бастап Рысқұлов ауданының әкімдігінде, комитетінде, басқармада ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2012-2015 жылдары Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары болды. 2015 жылғы мамырдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2015 жылдың 16 шілдесінен - Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі.Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар, 01.08.2015 Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы 10 қарашадағы №435-ө өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.Жамбыл облысы әкімдігінің блок-тұғырнамасы, 01.01.2017

Дереккөздер

Санат:1971 жылы туғандар Санат:Қазақстан зоотехниктері Санат:Сарысу ауданының әкімдері Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Жамбыл гуманитарлық-техникалық институты түлектері