Әбілкәрім Хамзин (1940 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы) – Медицина ғылымдарының кандидаты (1969), докторы (1994), профессор (2001).

Өмірбаяны Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін (1963, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу институтында аспирант (1966–1969, Мәскеу) болды. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында хирург, рентгенолог, бас дәрігер (1963–1965) 1969-83 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер 1984-2003 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында рентген диагностикасы бөлімшесінің меңгерушісі 2004-2006 жылдары - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің онкология, сәулелік диагностика және сәулелік терапия кафедрасының профессоры. 2007 жылдан бері -С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетің «Визуалды диагностика» кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері

«Рентгендиагностика опухолей женских половых органов (по данным ангиографического исследования)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. Өкпе, жүрек, ас қорыту мүшелерінің, сүйек-буын және зәр шығару-жыныс жүйесі патологиясының рентген диагностикасы, ішкі артериялық химиялық терапия мәселелеріне арналған 143 еңбектің, оның ішінде «Әйелдердің жыныс мүшелері ісіктерінің диагностикасындағы ангиографиялық зерттеулер» (Алматы, 1994) монографиясының авторы. «Жатыр денесі рагын емдеудің тәсілі» (1998) «Бронхиалдық артерияны рентгенэндоваскулярлық катетерлеу арқылы екпе қатерлі ісігін операция алдындағы полихимиялық емдеу тәсілі» (2002) «Сүт безі қатерлі ісігін емдеудің тәсілі» (2003) «Жатыр мойны қатерлі ісігін емдеу тәсілі» (2003) атты авторлық куәліктердің иегері.

Марапаттары «Еңбек ардагері» медалімен (1988); «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (1988)* «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» (2000, 2002) белгілерімен марапатталған.

Отбасы Әкесі - Досаханов Хамза. Анасы - Досаханова Рәш. Үйленген. Жұбайы - Крапивина Валентина Владимировна, зейнеткер. Ұлы - Тимур (1962 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1940 жылы туғандар Санат:Казталов ауданында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық медициналық университетінің профессорлары Санат:КСРО денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері