Тоқтаған Алтыбасарова (1924 жыл, Курменты — 11 маусым 2015 жыл, Курменты, Түп ауданы, Ыстықкөл облысы, Қырғызстан) — Ұлы Отан соғысы жылдарында қоршаудағы Ленинградтық 150 баланы өз қамқорлығына алған тұлғаЛенинградтық қоршауда қалғандардың 150 баласын қабылдаған Тоқтаған Алтыбасарова дүниеден озды.
Өмірбаяны Ұлы Отан соғысының алдында, 16 жасында Курменты айылдық кеңесінің төрайымы болып сайланды. 1942 жылғы 27 тамызда қоршауда қалған Ленинградтан жеткізілген 150 баланы қабылдайды. Балалар колхоз жатақханасында тұрып, оның қамқорлығында он жыл бойы болады.
Соғыстан кейін 44 жыл бойы айылдық кеңес төрайымы болып қызмет атқарады.Ленинградтық қоршаудағылардың 150 баласын алған Қырғызстандық тұрғын қайтыс болды. Өзі туған сегіз баланы тәрбиеледі. Өмір бойы өзі туған ауылда тұрды. Сонда 2015 жылдың 15 маусымында дүниеден өтті.
Бішкектегі Дайыр Асанов атындағы Жеңіс саябағында Ленинградтық қоршауда қалғандар құрметіне қойылған ескерткіштің үлгісі ретінде танылды.Қоршаудағылардың балаларының ыстықкөлдік "анасы" болған Тоқтаған Алтыбасарова қайтыс болды, Вечерний Бишкек, 11 маусым 2015 жыл.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Президент А.Атамбаев көңіл айтады Тоқтаған апа — қоршаудағылардың балаларын қамқорлыққа алып, тәрбиелеген
Санат:1924 жылы туғандар Санат:Қырғызстанда туғандар Санат:11 маусымда қайтыс болғандар Санат:2015 жылы қайтыс болғандар Санат:Қырғызстанда қайтыс болғандар Санат:Қырғызстан қоғам қайраткерлері