«Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік Қоғамы — Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы. Электрондық үкіметтің базалық құрамдастарын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және пайдалану жөніндегі жұмыстарға бастамашылық етуден аяқтауға дейін АТ-жобаларды басқару жөніндегі қызметтер көрсетеді.
«Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысымен сәйкес құрылды. Қоғамға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысымен ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор мәртебесі берілді. «KZ жоғарғы деңгейлі домен тіркеушісі ретінде «ҰАТ» АҚ аккредиттеу туралы» Қазақстан АТ-компаниялар қауымдастығының 2012 жылғы 6 қаңтардағы №01-01-12-А бұйрығына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ .KZ және .ҚАЗ жоғары деңгейлі домен тіркеушісі ретінде аккредиттеленеді. Сонымен қатар «ҰАТ» АҚ-на GOV.KZ және EDU.KZ аумағындағы домендік атауларды ресми тіркеу және қолдау көрсетуді жүзеге асыру құқығы берілді. 2024 жылы компания ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы болып айқындалды.
Тарихы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы 2000 жылғы 3 шілдеде құрылды.
«ҰАТ» АҚ құрылған кезеңінен бастап электрондық үкіметтің базалық компоненттерін және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды бастамашылық етуден аяқтағанға дейін АТ-жобаларды басқару жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
2008 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ационерлік қоғамы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің еншілес компаниясы болды.
2016 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына «Kazsatnet» ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қосылып, компания қайта ұйымдастырылды.
2022 жылы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің таратылуына байланысты компания тікелей ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына өтті.
Компанияның басшылығы Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов - Басқарма төрағасы Саян Мейрамұлы Әшірбеков - Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Айдарбекұлы Оразалимов - Басқарма төрағасының орынбасарыБасқарма
Директорлар кеңесінің құрамы Асхат Елубайұлы Оразбек - Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР ЦДИАӨ вице-министрі Қайрат Жақсығұлұлы Мырзахметов - ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілі Арман Жақыпбекұлы Нұрышев Ұлан Қайратұлы Қайырбеков Гүлжан Жаңалықызы БектұрғановаДиректорлар кеңесі
«Электрондық үкімет» «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» құрудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығы «электрондық үкіметтің» порталын құруға негіз болды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» порталын басқару мен сүйемелдеуге тікелей қатысады. «Электрондық үкіметтің» порталы 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі
Жобалар Электронды үкімет жобалары
Egov mobile мобильді қосымшасы
«Электрондық үкімет» шлюзі «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі
Платформалық шешімдер Ұлттық жасанды интеллект платформасы QazTech платформасы
Smart Data Ukimet
Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы
ЭЦҚ жүйелері
ҚР мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы ҚР негізгі куәландырушы орталығы ҚР сенім білдірілген үшінші тарапы
Деректер базасы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» ақпараттық жүйесі «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі
Инфрақұрылым Өңірлік деректерді өңдеу орталықтары Бейнеконференция және онлайн трансляция Мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы Деректерді өңдеу орталықтары
Басқа Жасанды интеллект экожүйесі
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның ұлттық компаниялары