Қарасор, Үлкен Қарасор — Тобыл алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Жамбаскөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жердде, теңіз деңгейінен 197 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Сопақ пішінді көлдің аумағы 19,1 км2 (құрғақшылық жылдары аумағы 11,7 км2 кішірейеді), ұзындығы 9,3 км, жағалау бойының ұзындығы 52,8 км. Жонды-белесті келген алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Бейімбет Майлин ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы