Тұлып – жүні сыртына қаратылып жасалған бітеу сойылған бұзау терісі. Бұзауы өліп қалған сиырды идірту үшін өлген бұзауының терісіне сабан тығып, тұлыбына жұғыстырады; қыста күн суытқан кезде ауыл арасында немесе көлікпен жолға шыққанда киетін қалың киім, ұзын тон. Қой терісінен тігіледі. Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Санат:Мал шаруашылығы Санат:Киім