Фарид Гасанов (; 1992 жылдың 9 сәуірінде Әзірбайжанның Баку қаласында туған) - әнші, бұрынғы гандбол ойыншысы.

Биографиясы Фарид Гасанов 1992 жылдың 9 сәуірінде Баку қаласында туған. 12 жастан бастап Гасанов вокал мектебіне барып жүрді. 10-сынып оқып жүргенде "Yeni Ulduz" музыкалық телепроектке қатысып, финалист атанды. Бұдан кейін Next тобына солист ретінде шақырылды. 2010 жылы мектепті бітіріп, Әзірбайжан мәдениет пен өнер университетінің эстрада шеберлігі факультетіне түсті. 2011 жылы жеке музыкалық карьерасын бастап, 2013 жылы "Eurovision" байқауының ұлттық іріктеу кезеңіне қатысты. Сол уақытта Гасанов гандболдан Әзірбайжан жастар құрамасына шақырылады. Бірақ музыкалық карьерасының кесірінен Гасанов кәсіпқой спортты тастайды. Қазіргі уақытта Гасанов университеттің 4 курс студенты.

Дереккөздер

Санат:9 сәуірде туғандар Санат:1992 жылы туғандар Санат:Бакуде туғандар Санат:Әзірбайжан әншілері Санат:Әзірбайжан Turkvizyon ән байқауында Санат:Turkvizyon ән байқауының жеңімпаздары