Энтелехия (гр. - өзіндік мақсаты бар). - Аристотельде және схоластикада - қозғаушы күш ретіндегі мақсаттылық, нысаналылық (Телеология), өзіндік мақсат, мүмкіндікті өмір шындығына айналдыратын негіз. Энтелехия ұғымы Лейбництің монадологиясында пайдалынған. Биол. құбылыстарды идеалистік түсіндіру де (Витализм) осы ұғыммен байланысты. Энесидем (б. з. б. 1-ғ.) - гр. скептик-философы, Пиронның шәкірттерінің және Платон Академиясының скептицизмді қорғаған жақтастарының бірі. Энесидем бойынша, заттарды ешқашан танып-білу мүмкін емес.

Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"

Санат:Философия Санат:Тарих Санат:Ғылым