Қызылқұм жер асты су кен орны - Қызылқұм құмының солтүстік бөлігі және Сарысу артезиан алабының шығыс бөлігінде.

Географиялық орны Қызылорда облысының Жалағаш ауданы жерінде орналасқан.

Геологиялық құрылымы Жер асты суы жоғарғы бор шөгіндісінде жатыр. Су сыйыстырушы тау жыныстары ұсақ және ірі құм түйіршіктерден тұрады.

Сипаты Кен орны Үлкен Құмкөл, Жетібай және Ақши телімдерінен ажыратылады. Үлкен Құмкөл және Ақши телімдерінде сулы кешен 50-62 м, Жетібайда 101-32 м тереңдікте. Суы арында, тау жыныстарының суы мол, ұңғымалардың дебиті 20-58 л/с. Суы сәл ашқылтым, сульфатты-хлоридті натрийлі, Үлкен Құмкөлдегі бас тоғанның жобалық шығымдылығы 294 л/с, Жетібайдікі 351 л/с, Ақшидікі 185 л/с. Кен орындары 1978 жылдан пайдаланылуда. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысы кен орындары