Хаттак Хушхальхан(1613,Акора-1689,Акора) - ауған жазушысы. Хаттак тайпасының көсемі. 1667-72 жылдары ауған тайпаларының моғолдарға қарсы қарулы көтерілісін басқарды. Хушхальхан өнернамасында Ұлы Моғолдардың үстемдігіне қарсы ауғандықтардың азаттық күресі тақырыбы маңызды орын алады. Ол тәуелсіз ауған мемлекетін құруға, халық бірлігін сақтауға шақырды. Жауынгер ақын үстем тап өкілдерінің сатқындығын, екі жүзділігін әшкереледі. Оның поэзиясының патриоттық әуені ауған әдебиетіне игі ықпал етті. Шығармалары Оның әр түрлі жанрда жазған шығармалары 300- ден асады. "Куллиата" атты поэзиялық жинағына 40 мыңнан астам екі жолдық бәйіт өлеңдері топтастырылған. "Білім туралы дастан", "Қыран туралы дастан" т.б. поэзиялық шығармалары бар. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 62 бет

Санат: 1613 жылы туғандар Санат: 1689 жылы қайтыс болғандар Санат:Тұлғалар