Көкжаулық () – бақажапырақ тұқымдасының, бөденешөп туысының бір түрі. Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 5-25 см, жіңішке, қысқа тамырлы, шөптесін өсімдік. Жапырағы түкті, қауырсын тілімді, қалақша пішінді, ұзындығы 6-14 мм, ені 4-8 мм. Гүлі шашақ тәрізді топтасқан, көк түсті, сәуір-мамырда гүлдейді. Тұқымы сопақтау келген қалқанша тәрізді, ұзындығы 1 мм, ені 0,75 мм. Өсу аймағы мен таралуы Кавказ, Орта Азияда, Батыс Сібірде, Қазақстанның далалы, таулы, қарағайлы ормандарында, Тобыл-Есіл атырабында, Шығыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысы мен Ақмола облысында, Мұғалжарда, Сарыарқаның шығысы мен батысында, Ұлытау, Қарқаралы, Алтай тауларында, Жетісу Алатауында өседі.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1975 жыл, 6 том, 10 бет

Дереккөздер

Санат:Бақажапырақтар