Қабыл Жанқойұлы Халманов (1 мамыр 1945 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан станциясы) – техника ғылымдарының докторы (1991), профессор (1993).

Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1967, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Қолданбалы математика институтында аға зертханашы (1967–1969) Қарағанды политехникалық институтында аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1974–1995) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қолданбалы математика институтында директор (1995–2003) болды. 2003 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері

130-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1 мамырда туғандар Санат:1945 жылы туғандар Санат:Тасқала ауданында туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті профессорлары