Сүмелек (Delphinium) - сарғалдақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 30-250 см, сабағы қуыс, жапырақты,кейде тармақты, бұтақты. Жапырақтары кезекті орналасқан,саусақ тілімді. Гүлдері шашақ не сыпыртқы тәрізді гүл шоғырына топтанған, көк, көгілдір, сары,ақ , күлгін түсті. Таралуы Жер шарының солтүстік жартысында (Еуропа, Азия,Солтүстік Америка) және Африканың тропик аймақтарында тауларда таралған 300 - ге жуық түрі,бұдан КСРО -да 100 - ге жуық түрі болған, оның ішінде Қазақстанда 28 түрі өседі. Кейбір түрлері дәнді дақылдар егістігінің арам шөбі. Қолданылуы Элатин, дельфинин т.б. алколоидтар,бояу алынатын өсімдіктер. Әсемдік үшін өсірілетіндері де көп. Сүмелектің барлық түрі малға (әсіресе сиыр,қой) улы. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 472 бет
Санат:Сарғалдақтар тұқымдасы