Семсер мүйізді бөкен ( немесе ) - Жұптұяқтылар отрядының Қуысмүйізділер тұқымдасының Бөкендер тұқымдас тармағының бір түрі.
Сипаттамасы Биіктігі 120-140 см (шоқтығынан), салмағы 20 кг-нан астам, арқасына қарай қайқы біткен мүйізінің пішіні семсер тәрізді (120см-дей), түбі жуандау, текесінде де, ешкісінде де болады. Жүні сарғылт не сарғылттау. Басы ақ, маңдайы мен көзінің айналасы қара дақты, мойны жирен.
Шөлге төзімді. Жайылым жағдайына қарай мекен ауыстырады. Үйір-үйір (40-шақты) болып жүреді. Лағын 8-8,5 ай көтереді. Бұрын көп ауланып саны азайған. Осы кезде қорғауға алынған.
Таралуы Шөлді аймақты мекендейді. Бұрын Солтүстік Сахарада кең тараған, қазір оңтүстігінде ғана кездеседіҚазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 125 бет.
Дереккөздер
Санат:Қуысмүйізділер Санат:Африка сүтқоректілері