Иван Прокофьевич Прокофьев - орыс мүсіншісі, орыс классицизмнің көрнекті өкілі. Еңбек жолы 1764-1779 ж. Петербург Көркемсурет академиясында оқыды. 1779-1784 ж. Париж Көркемсурет академиясының пенсионері. 1784-1828 ж. Петербург Көркемсурет академиясында сабақ берді. "Актеон" топтамасының рельфтердің, Петергоф фонтандарына арналған мүсіндік топтамалардың, Қазан соборындағы монументті драмалық рельфтердің, гипс бейнелер мен топтамалардың, терракоталардың, А.Ф. және А.Е. Лабзиндер мүсіншісінің авторы.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том

Дереккөздер