Заптоцкий Антонин (чех. Antonín Zápotocký; 19 желтоқсан, 1884 жыл, Кладно, Австро-Венгрия — 13 қараша 1957 жыл, Прага, Чехословакия) —Чехословакияның мемлекет және саяси қайраткері, 1948-53жж Чехословакия премьер-министрі және 1953-57жж Чехословакия президенті қызметін атқарған. Жұмысшы қозғалысының қайраткері, Л.Запотоцкийдің баласы. Жазушы.
Ерте қызметі солға|нобай|Чехословакия Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мінберінде (1948); сол жақтан Швермова, Сланский, Готвальд, Запотоцки, Носек. 1894 жылы19 желтоқсанда Кладно ауданында, чехтық социал-демократ Ладислав Запотоцкий(1852—1916) отбасында дүниеге келген. Тас қашаушы болып жұмыс істеген (1898-1905жж). 1902-21жж Чехословакия социал-демократиялық жұмысшы партиясының мүшесі болған. 1909ж. бастап социал–демократиялық партияның маркстік сол қанаты басшыларының бірі болды. Коминтерннің 2-конгресінде партия делегациясын басқарды (Мәскеу, 1920ж.),онда В.И.Ленинмен кездесті. Желтоқсан саяси стачкасын (1920ж.) ұйымдастырушылардың бірі, Кладно революциялық комитетінің төрағасы болды. 1921ж Чехословакия коммунистік партиясының (ЧКП) негізін салушылардың бірі , Орталық Комитеттің бас хатшысы болған. Чехословакия Коммунистік партиясы құрылған кезден бастап (1920ж. мамыр) ОК мүшесі, 1922–25жж Чехословакия Коммунистік партиясының Бас хатшысы. Коминтерннің 6 – конгресіне қатысты. Соңғысында КИАК мүшесі болып сайланды. Чехословакия Коммунистік партиясына тыйым салынғаннан кейін (1939 жыл қазан) оның астыртын ОК-нің мүшесі. Гитлершілдер тұтқындап (1939 жылы 11 сәуір), түрмеге жапты, лагерьде ұстады, онда ол астыртын жұмыстарға қатысты.ЗАПОТОЦКИЙ Антонин // Большой Энциклопедический словарь. — 2000.
Қызмет жолы ортаға|нобай|Чехословакия Республикасының Премьер-Министрі Антонин Запотоцкий Янске-Лазнеде 1948-53жж Чехословакия премьер-министрі. Ол ел экономикасының салаларын мемлекеттендіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, қуғын-сүргін жүргізу (мысалы, 1952ж. Рудольф Сланский процесі) істеріне қатысқан.
1953 жылы наурызда Чехословакия президенті және Чехословакия Коммунистік партиясының төрағасы Клемент Готвальд қайтыс болғаннан кейін ол ел президенті қызметіне кірісті. Оның тұсында Готвальдтың саяси бағыты жалғасты, қуғын-сүргінге ұшырағандар ақталмады, репрессиялар тоқтаған жоқ. Запотоцкий ұжымдастырудың жеделдетілген бағытына және мемлекеттік органдардың партиялық органдарға басымдылығына қарсы болды, ЧКП ОК бас хатшысы Антонина Новотныймен қарама-қайшылық пікірлері туындады. Запотоцкий 1955ж. Египетке қару-жарақ жеткізу жөніндегі шартқа қол қойып, араб әлемі мен социалистік лагердің жақындасуын туындатты. Бір жыл бұрын, Чехословакия Гватемала президенті Х.Арбенске қару-жарақ жібере бастады, бұл АҚШ-тың Гватемаланың ішкі саясатына араласауының тоқтатылуының алғышарты болды.
Заптоцкий – жұмысшы қозғалысы жөніндегі көптеген мақалалардың, чех пролетариатының революция қозғалысына арналған хроникалық романдардың авторы.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 томПод ред. Е. М. Жукова. Запотоцкий // Советская историческая энциклопедия. — М.: Советская энциклопедия. — 1973—1982.
Тарихи мұра
А.Запотоцкий есімі берілген нысандар • Уфадағы Запотоцкий көшесі.
• Камень-на-Оби мен Түмен қаласында Запотоцкий тар көшесі бар.
• Алматыдағы Запотоцкий көшесі.
• Шымкенттегі Запотоцкий көшесі. нобай|Заколани, Кладно ауданы, Чехия. Запотоцкий ескерткіші.
Дереккөздер
Санат:Чехословакия тұлғалары Санат:КСРО тұлғалары