Марина Михайловна Раскова - совет ұшқышы, штурман, майор, Совет Одағының Батыры. 1940 жылдан КПСС мүшесі. Қызмет жолы 1932 жылдан Н.Е.Жуковский атындағы әскери-әуе академиясының аэронавигация зертханасында істеді. 1934 ж. Азаматтық әуе флотының Орталық оқу комбинатында штурман атағын алды. 1935 ж. Орталық аэроклуб ұшқыштар мектебін бітірді. 1938 жылдан Қызыл Армияда қызмет етті. 1938 ж. 2 шілдеде П.Осипенко, В.Ломакомен бірге гидроұшақпен Севастополь - Архангельск маршруты бойынша, 24-25 қыкүйекте В.Гризодубова, П.Осипенкомен бірге АНТ-37 ұшағымен Мәскеу - Қиыр Шығыс маршруты бойынша штурман ретінде шалғай жерлерге қонбай ұшу сапарларына қатысты.
1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы кезінде әйелдер авиаполкінің авиатобын құрды, 1942 ж. қаңтардан әйелдердің бомбалаушы авиаполкінің командирі болды. Міндетті қызметін атқару кезінде қаза тапты. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары