Омар Тоқаұлы Мұхаммади Омар Тоқаұлы Мұхаммади-( 27.8.1905, қазіргі Алматы облысы-14.3.1931, Жаркент қаласы)- прозаик әрі ақын , ұйғыр совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Өмір жолы Кедей отбасында туған. 1920 жылы Алматыдағы татар мектебінде, Ташкенттегі аз ұлттар оқу орнына түсіп оқыды. Осы кезден бастап М. Горький, В. Маяковский, А. Тоқай, Хамза т.б әйгілі қаламгерлердің шығармашылығымен танысты, өзі де өлең жазып, алғашқы шығармаларын қабырға газетінде, кейін “Кәмбәғаллар авази” (“Кедейлер үні”) газетінде жариялады.Омар Тоқаұлы Мұхаммади 1927 жылы Алматыдағы Зәрват ұйғыр мектебінде, 1922-1929 жылдары Шелек ауданындағы үлгілі мектепте директор, 1930 жылы Жаркенттегі пед. техникумда оқытушы болып жұмыс істеді. 1927-1930 жылдар аралығында Омар Тоқаұлы Мұхаммадидің “Лашықтар” ,“Ерлік жылдар” ,атты өлеңдер мен әңгімелер жинақтары жарық көрді. “Күрес жылдарында” романын аяқтай алмады. Ол шығармаларында жаңа дәуір өзгерістерін шабыттана жырлады. Қазақ совет энциклопедиясы Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Омар Тоқаұлы Мұхаммади · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.