Моррис Чарлз (1901 ж. т.) - американдық философы, прагматизм идеяларын (әсіресе Дж. Мидтің ілімдерін) логикалық эмпиризмнің кейбір қағидаларымен ұштастырушы. Өзінің басты еңбектерінде бихевиоризм қағидаларына сүйене отырып, адамның әлеуметтік және биол. мінез-құлқын қарастыруға тырысты. Пирстың идеяларын дамыта отырып, жаңа ғылыми пән - семиотиканың негізгі ұғымдары мен принциптерін тұңғыш рет дәл тұжырымдады. Негізгі шығармашылықтары: "Белгілер теориясының негіздері" (1938); "Белгілер, тіл жіне мінез-құлық" (1964); "Адам қасиеттерінің қырлары" (1956); "Мән және мағына" (1964); "Амер. философиясындағы прагматикалық қозғалыстар" (1970) Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Чарлз Уильям Моррис · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.