Варвара Николаевна Рыжова - орыс совет актрисасы6 КСРО халық артисі. Актер отбасында туған. 1893 ж. Мәскеу театр училищесінің драма курсын бітіргеннен кейін кіші тетар труппасына қабылданды. Осы театрда 1956 жылға дейін қызмет етті. Негізінен орыстың классикалық туындылары, әсіресе А.Н. Островскийдің пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде өткір мінезді, тұрмыстық және камедиялық рольдерді ойнаумен ерекше көзге түсті. Алғашқы ойнаған рольдерінің бірі - Лев Толстойдың "Қараңғылық патшалығындағы" Акулина. Бұдан басқа Лиза, Анфиса, Улита, Фелицата, Домина Пантелеевна Марья т.б. рольдерді орындады. Сөз өнеріне ден қойды. Ойнайтын ролінің мінез ерекшелігін дәл анықтап көрсету - оның актерлік өнеріне тән қасиет. Шығармашылығымен Кіші театрдың игі дәстүрін ілгері дамытты. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары