Жалғызапан — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 295 шақырым. Сүйіндік ауылынан батыста 25 шақырым, Ресеймен шекараға жақын орналасқан елді мекен.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 545 адам (275 ер адам және 270 әйел адам) болса, 2009 жылы 573 адамды (290 ер адам және 283 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 374 адамды (200 ер адам және 174 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Өткен ғасырдың 30-жылдарында Жалғызапан жерінде «Жаңа жол», «Куйбышев», «Молотов» колхоздары құрылған еді. Жалғызапан кеңшар кезінде Сүйіндіктің бір фермасы орталығы болды.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5
Әлеуметтік және мәдени нысандары Лабай орта мектебі — 1977 жылы ашылды. 1981 жылы жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. 2019 жылы жаңа екіқабатты мектеп ғимараты пайдалануға берілді.Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7 Лабай ауылдық клубы
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Елді мекенде қазір мал өсірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер жұмыс істеуде.
Елді мекендегі көшелер Бөкей хан көшесі Жәңгір хан көшесі
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері