Манап (1997 жылға дейін Талап) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Манап ауылдық округі орталығы.
Халқы Тұрғыны 713 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434067100.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, Қаратау жотасының сайлы-жыралы келген тау алды жазығында орналасқан.
Тарихы 1997 жылы 27 желтоқсанда Қазақстанның халық ақыны Манап Көкеновтің есімі берілген. 1977-96 жылдары бау-бақша өсіретін «Юбилейный» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Манапта шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Викимапияда
Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері