Жаңаарық (2004 жылға дейін — 1 май) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Жаңаарық ауылдық округі орталығы.
Халқы Тұрғыны 1992 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434042100.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-батысқа қарай 14 шақырым жерде, Сырдарияның сол жағалық жайылмасында орналасқан.
Тарихы Ауыл 1966–1996 жылдары күріш өсіретін Задария кеңшары бөлімшесінің орталығы болған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Викимапияда
Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері