Қарасай – Теріскей Алатауының шығысында, Семенов мұздықтарының бойындағы шың.

Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 4520 м.

Жер бедері Солтүстік және оңтүстік беткейлері құламалы-жартасты болып келеді. Батысы мен шығыс бөлігін мұздықтар алып жатыр. Солтүстік беткейінен Байынқол өзенінің салалары бастау алады. Оңтүстігінде Семенов, Хантәңірі шыңдары орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан шыңдары Санат:Теріскей Алатауы