Интегралды-оптикалық схема (Интегрально-оптическая схема) - элементтері арасындағы байланыс сәуле сигналдары көмегімен жүзеге асырылатын интегралдық схема. Біртұтас және гибридті интегралды-оптикалық схема бірегей технологиялық циклде бір төсеніш үстінде жасайды. Біртұтас интегралды-оптикалық схема жасау үшін AIII BV (мысалы, GaAs) типтегі ШӨ қосылыстыр және олардың негізіндегі қатты ерітінділер, сондай-ақ электро, акустика немесе мгнитооптикалық қасиеттері бар диэлекриктер монокристалдарды пайдаланады. Жекелеген оптикалық элементтерді дәл құрастыру арқылы гибридті интегралды-оптикалық схеманы жасайды. Интегралды-оптикалық схемада оптикалық жарық шығару көзі ретінде ШӨ лазерлер, ал оптикалық жарықты қабылдағыштар ретінде фотодиодтар, фототранзисторлар және фоторезисторлар қолданылады. Интегралды-оптикалық схеманы талшықты оптикалық байланыс жолдарында, ақпаратты оптикалық өңдеу жүйелерінде, шекті радиосигналдар анализаторларында, логикалық құрылғыларда, аналогті сандық түрлендіргіштерде, жарық күшейткіштері мен генераторларында қолданылады. Электроника, Радиотехника және Байланыс сөздігі, Алматы 2007