Хосров Рузбех Хосров Рузбех(15.04.1915–11.05.1958, Тегеран) – Иран мемлекетінің әскери адамы, Ирандағы революциялық қозғалыстың қайраткері Өмір жолы 1937 жылы Тегерандағы жоғары офицерлік мектепті бітірді. Артиллерия факультетінде математика мен артиллерия пәнінен сабақ берді. 1943 жылы Иран халық партиясына кірді. "Бостандық сүйгіш офицерлер ұйымын" ұйымдастырушылардың және оның басшыларының бірі болды. 1945 жылы ұйым мүшелерінің көбі тұтқынға алынды. 1958 жылы 11 маусымда атылды. Қазақ совет энцеклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1915 жылы туғандар

Санат:Иранда туғандар Санат:1958 жылы қайтыс болғандар Санат:Иран саясаткерлері