Лев Иванович Кан (1904 ж. т., Ресей, Приморье өлкесі) – Социалистік Еңбек Ері (8.6.1957). 1929 – 1936 жылдары Қиыр Шығыс өлкесінде жер бөлімінде, ұжымшарларда жұмыс істеді. 1937 – 1941 жылдары ұжымшарда, Үштөбе МТС-нда саяси бөлім бастығының орынбасары, 1941 – 1964 ж. Талдықорған облысының «Прогресс», «Заря коммунизма» ұжымшарында басқарма төрағасы, Жетісай ауданында мақта шаруашылығында қызметтер істеді. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1959). Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысының Энциклопедиясы
Сілтемелер
Санат:Социалистік еңбек ерлері