Рошани — ауғандықтардың Ұлы Моғолдар империясына және ауған тайпаларының феодал ақсүйектеріне қарсы халық қозғалысының (1560 ж. ш.— 1638) әдебиетте қолданылатын атауы. Қозғалысқа мұсылмандардың рошани (сектаның негізін қалаушы Баязид Ансаридың — Пир Рошан деген екінші атынан шыққан) сектасы басшылық етті. Қозғалыс Ұлы Моғолдар қолдаған феодалдардың қауымдық жерлерді тартып алуына, хандар мен улемалардың айырықша праволарын жоюға бағытталды. Рошани Ұлы Моғолдар мен ауған феодалдарының әскерлерін талай рет талқандады. Ұлы Моғолдар Рошани қозғалысын басты.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Рошани · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.