Килауэа (, ағылшын тілінде — ;) - Тынық мұхитының Гавайи аралындағы әрекетті жанартау. Биіктігі 1247 м. Қалқан тәрізді жайпақ конусының диаметрі – 4,5 км, тереңдігі – 230 м. Бұл жанартаудың конусында Галемаумау лавалық көлі жатыр. Оның лавалық қыртысындағы жарықтардан лава фонтаны атқылап жатады. Жанартаудың соңғы атқылауы 1952, 1954 және 1955 жылдары орын алды.Қазақ Совет Энциклопедиясы,5 том Дереккөздер
Санат:жанартаулар Санат:Белсенді жанартаулар