Ала-құла каракаралар (лат. Milvago) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Түрлері Milvago chimachima (VIEILLOT, 1816) — химахима Milvago chimango (VIEILLOT, 1816) — химанго

Сипаттама Денесінің ұзындығы 37-46 см, қанатының ұзындығы 27-32 см, массасы 300-400 г. Химанго сары түсті, құйрық үсті ақ, жолақ құйрықты, тұмсығы, «беті» және табаны сұр-көкшіл. Химахима ақ немесе ақсары, арқасы мен қанаты қара, жолақ құйрықты, қауырсынданбаған «бет» және табаны ашық жасыл түсті.

Шөлейт, пампа, сирек орманды, сирек елді мекендерде тіршілік етеді. Толғаусыз жейтіндер: құрт-құмырсқамен, бақалармен, кесірткелермен,кішкентай жыртқыштармен, өлекселермен, жеміс-жидектермен, жүгері собығымен қоректенеді.

Кейде 20-30 құс топтасып жүреді

Кеңістігі Химанго Оңтүстік Американың оңтүстігін солтүстігіндегі Боливииді мекендейді. Химахима – Оңтүстік Американың оңтүстік Аргентинадан бастап солтүстігіне дейін, және Орталық американың оңтүстік бөлігінде тіршілік етеді

Сыртқы сілтемелер Галушин В.М, Дроздов Н.Н., Ильичёв В.Д., Константинов В.М, Курочкин Е.Н., Полозов С.А., Потапов Р.Л, Флинт В.Е., Фомин В.Е. Фауна Мира: Птицы: Справочник. — М: Агропромиздат, 1991. — С. 88. — 311 с. — ISBN 5-10-001229-3. Бёме Р. Л., Флинт В. Е. Пятиязычный словарь названий животных. Птицы. Латинский, русский, английский, немецкий, французский / Под общей редакцией акад. В.Е.Соколова. — М.: Рус. яз., «РУССО», 1994. — С. 51. — 2030 экз. — ISBN 5-200-00643-0.

Санат:Сұңқарлар Санат:Сұңқартәрізділер