Симонов Василий Александрович 1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданының Казанка селосында туды. 1942 жылы «Прибой» ауыл шаруашылық артелінде еңбек істей бастады. 1948 жылдан 1951 жылға дейін Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. 1951 жылдан бастап «Прибой» ұжымшарында тракторист болып істеді. Кейін «Островский» кеңшарында трактор бригадасының есепшісі және бригадирі болды. 1963 жылдан осы кеңшардың бөлімше басқарушысы қызметін атқарды. 1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Василий Александрович Симоновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Дереккөздер Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.

Санат:1928 жылы туғандар Санат:Солтүстік Қазақстан облысы