Терри Джин Боллеа (; 11 тамыз 1953 жыл, Джорджия – 24 шілде 2025 жыл, Флорида), Халк Хоган ринг есімімен белгілі () америкалық кәсіби реслер, кәсіпкер мен телевизия тұлғасы. Бір кездері Хоган әлемдегі ең белгілі және жоғары бағаланған реслинг жұлдыздары қатарында болған. Ол түрлі чемпиондықтарда жеңіп шыққан, алты мәрте WWE чемпионы атанды. Ол Дүниежүзі Реслинг Федерациясында (WWF, кейін WWE) және Дүниежүзі Реслинг Чемпионатында (WCW) жұмыс істегені үшін белгілі.
Хоган ірі денесі, харизмасы, сары шашы, мұрты және киген банданалары арқылы белгілі болды. Реслингтегі мансабын Хоган 1977 жылы бастады.
Реслер ретінде Хоган жиі жағымды кейіпкерлер сомдайтын. Оның кейіпкерлері патриоттығы және христиандығы үшін белгілі болатын. 1990 жылдары ол зұлым кейіпкеріне көшті де, сюжеттің осындай бетбұрысы да америкалық поп-мәдениетте ізін қалдырды. Көп ұзамай ол қайта жағымды кейіпкер болды. CNN хатшысы Кайл Фелдшер Хоганды «реслингті мейнстрим қылған жалғыз адам» деп те сипаттады.
Түрлі даулар мен жанжалдар Хоганның бетбеделіне зақым келтірген болатын. 1994 жылы ол 1976 жылдан бері анаболикалық стероидтер қолданатынын, кәсіподақ жабылуына көмектескенін айтты. 2012 жылы Gawker Media жариялаған видеода Хоган нәсілшіл пейоративтер қолданды. Хоган Gawker-ге қарсы сот ісін ашты да, компания көп ұзамай банкрот атанды. Осыған қарамастан 2025 жылғы өліміне дейін Хоганның бетбеделі «мәңгіге зақымдалды» делінді.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша спортшылар Санат:Алфавит бойынша рестлерлер Санат:Алфавит бойынша актерлер Санат:WWE даңқ залының мүшелері Санат:WWE чемпиондары Санат:АҚШ актерлері Санат:АҚШ киноактерлері Санат:АҚШ телевизия актерлері Санат:Оңтүстік-Флорида университеті түлектері Санат:АҚШ рестлерлері Санат:Жүректің тоқтауынан қайтыс болғандар