Тілепбай Тазабеков (1929 жыл 20 қыркүйек, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көксу ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1980), профессор (1985). Еңбек жолы 1951 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және 1954 жылы республикалық Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген; 1954-1955 жылдары Ақмола облысында агроном болған; 1955 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университінде кафедра меңгерушісі, проректор, ректор қызметтерін атқарған. Ғылыми еңбектері «Почвы Заилийского Алатау и пути повышения их плодородия» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыстары тауалды топырақтардың құнарлылығын арттыру мәселелеріне арналған. Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:1929 жылы туғандар