Қиынсу – Күршім алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 36 км, су жиналатын алабы 218 км2. Жалпы ұзындығы 60 км болатын 21 саласы бар.

Бастауы Бастауын Нарын жотасындағы Үйгентас асуының оңтүстік баурайындағы бұлақтардан алып, Күршім өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Өзен өн бойы тау шатқалымен ағады. Жағалауының басым бөлігі тік жарқабақты, шоңғалдар жиі кездеседі. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Желтоқсан айында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді.

Өсімдігі Қылқан жапырақты орман, төменгі ағысында арша, долана, итмұрын, т.б. жеміс ағаштары аралас қайың, көктерек шоқ тоғайлар өзен жағалауына өскен. Алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы